Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» өз алаңында «Бавариядан» жеңілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 14 ақпанда алғашқы екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысының алғашқы ойын күнінде екі матч белгіленген.

Алғашқы кездесуде «Милан» (Италия) және «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) командалары шеберлік байқасты.

Ойын барысында командалар гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де кездесу тағдырын жалғыз гол шешті. Ойынның 7-минутында «Миланның» жартылай қорғаушысы Браим Диас көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша итальяндық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Дәл осындай есеппен Германияның «Бавариясы» сырт алаңда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубын қапы қалдырды. Жалғыз голды германиялық клубтан Кингсли Коман өзінің еншісіне жазды.

Қарымта ойындар 8 наурызға белгіленген.

Енді 15 ақпанда «Боруссия Дортмунд» (Германия) және «Челси» (Англия), «Брюгге» (Бельгия) және «Бенфика» (Португалия) командалары кездеседі.


Фото: MATTHIAS HANGST/GETTY IMAGES

Соңғы жаңалықтар