Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» ширек финалға шыға ала ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 14 наурыздан 15-не қараған түні қарымта екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ойынның бірінде Португалияның «Порту» командасы өз алаңында Италияның «Интерін» қабылдайды.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның біреуінде «Порту», үшеуінде «Интер» жеңсе, бір кездесуде тең тарқасты.

1/8 финалдағы алғашқы ойында италиялық клуб 1:0 есебімен басым түсті.

Екінші кездесуде Англияның «Манчестер Сити» және Германияның «РБ Лейпциг» командалары шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның екеуінде командалар бір-бірден жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Ал 1/8 финалдағы алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Бавария» (Германия), «Милан» (Италия), «Бенфика» (Португалия) мен «Челси» (Англия) командалары ширек финалға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар