+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді

2019 жылғы 12 желтоқсан 01:58
Бөлісіңіз:
Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Серікжанов Халықаралық дзюдо федерациясы рейтингісінде үздік ондыққа енді Атақты баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды Футбол: «Тобыл» Түркияда қарсыласымен тең ойнады

Қазірге дейін бүгінгі күнгі екі кездесу аяқталды. С тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Манчестер Сити» командасы сырт алаңда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасты. Ағылшындық клубтың осы жарыстағы орны бір тур бұрын-ақ белгілі болған. Соған қарамастан олар соңғы турда да қарқынды ойын көрсетті. Алаң иелері қақпасына 4 гол салды. Бұл голдарды ағылшындық клуб сапынан Габриэл Жезус 34, 50, 54, Филип Фоден 84-минуттарда соқса, оған хорват футболшылары сапынан 10-минутта Даниэль Ольмо бір ғана голмен жауап қайырды. Нәтижесінде «Манчестер Сити» қарсыласын 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Аталмыш топтағы Украинаның «Шахтері» өз алаңында Италияның «Аталанта» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ойын барысында италиялық клуб сапынан 66-минутта Тимоти Кастань, 80-минутта Марио Пашалич, 94-минутта Робин Гозенс мергендігімен көзге түсті. Бүгін украиндық клуб жеңіске жеткен жағдайда жарысты жалғастыруға мүмкіндік алар еді. Есесіне сырт алаңда үш ұпай олжалаған «Аталанта» өз тобында екінші орынға көтерілді.

Бұл топтан «Манчестер Сити» мен «Аталанта» жарыстың 1/8 финалына жолдама алды. Ал үшінші орын алған «Шахтер» енді Еуропа лигасы 1/8 финалында сынға түседі.

Сондай-ақ, бүгін А, В, Д топтарында да ойындар өткізіледі.

Қазірге дейін барлығы жарысты жалғастыратын 10 команда белгілі болып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT