Чемпиондар лигасы: «Бавария» қарсыласын ойсырата жеңіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгінгі кездесудің бірінде «Лацио» (Италия) мен «Бавария» (Германия) командалары шеберлік байқасады. Айта кетейік, неміс клубы былтыр аталған турнирде чемпион атанған болатын.

Сырт алаңда ойнағанына қарамастан «Бавария» жинақы қимыл көрсетті. Олардың сапынан Роберт Левандовски 9, Джамал Мускала 24, Лерой Зане 42, Франческо Ачерби 47-минуттарда мергендік танытты. Осылайша өздерінің басымдығын төрт голға арттырған еді. Оған «Лацио» сапынан 49-минутта Хоакин Корреа жалғыз голмен жауап қайырды.

«Бавария» 4:1 есебімен басым түсті.

1/8 финалының тағы бір ойынында Англияның «Челси» клубы сырт алаңда Испанияның «Атлетико Мадрид» командасын 1:0 есебімен жеңді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды Оливье Жиру 68-минутта соқты.

Екі команда аталған турнирде бұған дейін 7 рет кездескен болатын. Қарсыластар екі-екі мәртеден бір-бірін қапы қалдырса, үш ойында тең нәтиже тіркелген еді.

Қарымта ойындар 17 наурыз күндері өткізіледі.

Айта кетейік, бұдан бұрын турнирдің аталған сатысында төрт команда өзара алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Мәселен, 16 ақпанда сырт алаңда «Ливерпуль» «Лейпцигті» 2:0, «Пари Сен-Жермен» «Барселонаны» 4:1 есебімен жеңді.

Ал 17 ақпанда өз алаңында «Порту» «Ювентустен» 2:1 есебімен басым түссе, «Севилья» «Боруссия Дортмунд» клубына 2:3 есебімен есе жіберді.




Соңғы жаңалықтар