+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Чемпиондар лигасы: «Бавария» «Барселонаны» ойсырата жеңді

2020 жылғы 15 тамыз 03:23
Бөлісіңіз:
Чемпиондар лигасы: «Бавария» «Барселонаны» ойсырата жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан үшінші команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен жеңді Еуропа лигасының топтық кезеңінің матчтары тікелей эфирде көрсетіледі Футбол: «Қайрат» «Астанадан» 11 ұпайға ұзап кетті

Бүгін Испанияның «Барселона» және Германияның «Бавария» командалары кездесті. Екі команданың да әлеуетін жанкүйерлер жақсы біледі. Сондықтан ойынның тартысты болатыны белгілі еді.

Десе де кездесу «Барселона» үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңде олар өз қақпасына төрт гол жіберіп алды. Оған небәрі бір ғана голмен жауап қайырды. Алдымен 4-минутта «Бавария» ойыншысы Томас Мюллер есеп ашты. Ал 7-минутта таразы басы теңесті. Германиялық клубтың футболшысы Давид Алаба допты өз қақпасына енгізіп алды. Бұдан кейін «Бавария» тағы да үш гол соғып кетті. Ойынның 21-минутында Иван Перишич қарсылас команда қақпашысын қапы қалдырса, 27-минутта Серж Гнабри есепті үстемелей түсті. Ал 31-минутта Томас Мюллер кездесудегі екінші голының авторы атанды. «Барселона» сапынан Луис Суарес 57-минутта есеп айырмасын қысқартса, 63-минутта «Бавария» сапынан Йозуа Кеммих қайтадан басымдықты арттыра түсті. Ал Роберт Левандовски - 82, Филиппе Коутиньо -85, 88-минутта гол соқты. Ойында «Бавария» 8:2 есебімен жеңді. Енді неміс командасы жартылай финалда 19 тамызда «Манчестер Сити» (Англия) және «Лион» (Франция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын жартылай финалға Францияның «Пари Сен-Жермен» және Германияның «Лейпциг» командалары жолдама алды.

Айта кетер болсақ, Чемпиондар лигасының ширек финалынан бастап қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Ол сегіздік финалы форматында болады.

Енді жартылай финал 18-19, ал финал 23 тамыз күндері өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT