Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында «Интерді» жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан Еуропа чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 2-тур ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турдың орталық матчында F тобында Испанияның «Барселона» командасы Италияның «Интерін» қабылдады. Ойынның алғашқы минуттарында қонақтар күтпеген жерден гол соғып, есеп ашты. Өз жанкүйерлерінің көз алдында абыройы төгілгенін қаламаған Эрнесто Вальверде шәкірттері жағдайды реттеуге тырысып бақты. Бірақ 1-таймда миландықтардың қорғанысы сыр берген жоқ.

58-минутта Артуро Видальдың пасынан кейін Луис Суарес алыс бұрышқа дәл теуіп, есепті теңестірді. Уругвайлық шабуылшы 84-минутта Лионель Мессидің пасынан кейін екінші голын соғып, командасына жеңіс сыйлады. «Барселона» екі ойында 4 ұпай жинап, өз тобында 2-орынға көтерілді.

F тобының оған дейін өткен тағы бір матчында «Боруссия Дортмунд» Чехияның «Славия» командасын 2:0 есебімен жеңіп, кестенің төріне шығып алған болатын.

2-турдың бүгін өткен басқа матчтарында мынадай есеп тіркелді:

Генк – Наполи 0:0

Ливерпуль – Ред Булл 4:3

Лилль – Челси 1:2

Зенит – Бенфика 3:1

Валенсия – Аякс 0:3

Рб Лейпциг – Лион 0:2

Соңғы жаңалықтар