Чемпиондар лигасы: «Астананың» алғашқы қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір УЕФА чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кеезңдерінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш дүбірлі додада біздің еліміздің атынан қатысатын Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын анықтады. Оларға Румынияның Клуж-Напока қаласының ЧФР Клуж командасы қарсылас атанды. Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 9, 10 шілде күндері болса, қарымта кездесу 16, 17 шілдеде өткізіледі. Бұл жұптағы алғашқы ойын Нұр-Сұлтанда өткізілсе, бір аптадан кейін ол Румынияда болады.

1907 жылы құрылған аталмыш команда бүгінгі күнге дейін үш мәрте Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде бақ сынады. Екі мәрте өз тобында төртінші орын алды. Ал 2012/2013 жылғы кезеңде үшінші орын алып, Еуропа лигасының 1/16 финалында сынға түсуге мүмкіндік алды. Ол жолы Италияның «Интер» командасына жол беріп қойды. Аталмыш команда Румыния біріншілігінде бес мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

«Астана» біздің еліміздің атынан бесінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түсіп келеді. Мәселен, 2015/2016 жылғы кезеңде аталмыш турнирдің топтық кезеңіне дейін жетті. Одан кейінгі үш жылда екі мәрте үшінші іріктеу кезеңінен аса алмаса, бір мәрте плей-офф кезеңіне дейін барды. Нәтижесінде оларға соңғы үш жылда Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік берілді. Одан сүрінбей еткен елордалықтар топтық кезеңінде ел намысын қорғады. Ал 2016/2017 жылғы кезеңде жарыстың 1/16 финалына дейін жетті.

Бұдан бұрын бүгін Бүгін футболдан еурокубок ойындарының жеребесі тартылатынын хабарлаған едік.

Ал Еуропа лигасы алғашқы кезеңінің жеребесі Нұр-Сұлтан уақытымен 19.30-да өтеді.

Соңғы жаңалықтар