Чемпиондар лигасы: Астана жарыс жолынан шығып қалды

None
Фото: instagram.com/fca.astana
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында «Астана» «Динамо Загреб» (Хорватия) командасына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде хорватиялық клуб сапынан Махир Эмрели 24, Антонио Марин 89-минутта екі гол соғып кетті.

Осылайша, «Астана» қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

Айта кетсек, 25 шілдеде өткен алғашқы кездесуде «Астана» аталған қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Ал, 2018 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасы «Астананы» (1:0, 2:0) қапы қалдырып кеткен.

Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.

Енді елордалық клуб UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында 10 және 17 тамыз күндері Болгарияның «Лудогорец» командасымен сынға түседі.


Соңғы жаңалықтар