Чемпиондар лигасы: «Астана» пенальти арқылы «Сутьескадан» басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 шілдеде елордадағы «Астана-арена» стадионында футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Астана» командасы Черногорияның «Сутьеска» клубын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз бұдан бұрын «Астана» жанкүйерлерін тағы да қуанта ала ма» деген тақырыпта ойымызды білдірген едік. «Сутьеска» клубының құрылғанына тоқсан жылға жуықтаса да халықаралық деңгейде көзге түсе қоймаған. Бүгінде команда құрамында негізінен жергілікті түлектер ойын көрсетеді.

Аталмыш кездесуде «Астана» құрамында Эрич, Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Мужиков, Деспотович, Томасов, Маевский, Постников, Муртазаев, Шомко шықса, «Сутьеска» бапкерлері Гильен, Недич, Цеткович, Лончар, Булатович, Мердович, Стефанович, Ми. Вучич, Ма. Вучич, Ш. Кордич, Цицмил сынды футболшыларға сенім артты. Алғашқы минуттарда қос команда бір-біріне сақ қарап ойнауға көңіл бөлді. Ойынның 7-минутында «Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович қақпаға доп бағыттаған еді. Дегенмен ол тепкені қонақтар қақпашысы Владан Гильеннің қолынан табылды. Ал 10-минутта астаналық Серікжан Мужиков те «Сутьеска» қақпашысын мазалап көрді.

Ойын барысында черногриялық фтболшылар да қарсы шабуылдарға шығып, біздің қақпа маңында бой көрсетіп жатты. Алғашқы 20 минутта алаң иелері басымдық көрсеткенімен, олардың ешқайсысы голға айналған жоқ. Кездесудің 29-минутында қонақтар қақпасына пенальти белгіленді. «Сутьеска» клубының қорғаушысы өзінің айып алаңында Джордже Деспотовичті шалып шықты. Ойынның бас төрешісі - венгриялық маман Ференц Карако ойланбастан 11 метрлікті нұсқады. Бұл мүмкіндікті «Астананың» шабуылшысы Роман Мұртазаев мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезең бастала салысымен Серікжан Мұжықов бірнеше қауіпті сәтті ұйымдастырды. Дегенмен, олар діттеген мақсатына жеткен жоқ. Ал 64-минутта Марин Томасов 25 метрдей қашықтықтан айып добын орындаған еді. Алайда ол қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Ойын 1:0 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды.

«Астана» қарымта ойынын 18 шілдеде өткізеді. Бұл жұптың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде Данияның «Мидтьюлланн» командасымен 24 және 31 шілде күндері кездеседі.

Кеше, 10 шілдеде Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Грузияның «Самтредиа» клубын 1:0 есебімен жеңіп қайтты.

«Тобыл» еурокубок ойындарына бірнеше жыл үзілістен кейін қайта оралып отыр

Сондай-ақ, Еуропа лигасында еліміздің атынан сынға түсетін Алматының «Қайраты» Андорраның «Энгордань», Павлодардың «Ертісі» Литваның «Тракай» клубтарымен 12 шілдеде сырт алаңда кездеседі.

Соңғы жаңалықтар