Чемпиондар лигасы: «Астана» қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы ойынның бірінші кезеңінде елордалық «Астана» Беларусьте «Динамо» (Брест) командасынан жеңіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» кездесуді сәтсіз бастады. Алғашқы минуттарда елордалық клубтың басымдығы байқалып тұрған болатын. Алайда жіберген қателігі салдарынан 16 минутта «Динамо» ойыншысы Михаил Гордейчук «Астана» қақпасынан саңылау тауып кетті. Арада бір минут өткенде беларустік футболшы Кирилл Печенин есепті үстемелей түсті. Ал 22-минутта алаң иелері Михаил Гордейчук екінші голын соқты. Ойынның 37-минутта «Динамо» сапынан Павел Седько мергендік танытты. Есеп 4:0. «Динамо» алда тұр. Оған 45-минутта «Астана» ойыншысы Марин Томасов есеп айырмасын қысқартты. Осылайша елордалық клуб бірінші кезеңнен кейін 1:4 есебімен жеңіліп жатыр.

Айта кетейік, аталған кездесуде жеңімпаз команда жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Жеңілген ұжым Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында бақ сынайды.

Естеріңізге сала кетелік, жеңімпаз небәрі бір ғана ойынның нәтижесі бойынша бе лгілі болады. Бұл - әлемдегі коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты қабылданған шешім.


Соңғы жаңалықтар