Челябі облысында Қазақстан Республикасының сауда үйі салынады

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесіп, Челябі облысында өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы XIV Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық және өткізу жұмыстарын талқылады, деп хабарлайды lentachel.ru.

«Бұл маңызды шараға біз бірлескен инвестициялық жобалар қорымен, келіссөздер және келісімшарттармен келеміз. Бізді Қостанай облысымен ерекше қарым-қатынас байланыстырады. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстан Республикасы өңірлерімен және аз ғана уақыттан кейін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі ашылатын Астана қаласымен іскерлік және ресми байланыстар ауқымы айтарлықтай кеңіді», - деді Борис Дубровский.

2016 жылы Қазақстанмен тауар айналымы 1412,6 млн долларды құрады (экспорт - $637,6 млн, импорт - $775 млн). Ал 2017 жылдың алғашқы үш айындағы тауар айналымы 428 млн доллар болды (экспорт - $190,8 млн, импорт - $237,2 млн). Осыған байланысты, Қазақстан сыртқы сауда палатасының басқармасы төрағасының орынбасары Салтанат Аханова Қазақстан өнімдерін Челябі облысы аумағында сатуға байланысты ортақ сату орталығы - «Қазақстан Республикасының сауда үйін» ашу ұсынысын жасады.

Соңғы жаңалықтар