«Челси» немесе «Милан» Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал еуропалық командалардың бірі жолдастық матч өткізу үшін Астанаға келуі мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

« ЭКСПО қарсаңында еуропалық деңгейдегі беделді команданы күтудеміз (...) Менің білуімше, «Челси» және «Милан» командаларымен келіссөздер жүріп жатыр. Осы екі клубтың біреуі келеді. Барлығының (командалар - ред.) талабы бір - лайықты алаңның болуы», - деп хабарлады Астанадағы баспасөз мәслихатында дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Сол себепті, оның айтуынша, «Астана Арена» стадионына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біз алаңды қайта төсеп шығамыз және 1 мамыр күні жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз», - деп толықтырды ол. 

Соңғы жаңалықтар