Челах ісі: Үшарал әскери гарнизонына келтірілген материалдық шығын 8 млн. теңгеге жуық сомаға бағаланды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. 19 қараша. ҚазАқпарат - Үшарал әскери гарнизонына келтірілген материалдық шығын 8 млн. теңгеге жуық сомаға бағаланды.

Үшарал гарнизоны 2484 әскери бөлімінің өкілі Иван Санин сотқа әскери мүлікті жойғаны үшін 7 млн. 847 мың теңге сомасындағы материалдық шығынды өтеп беру туралы қолдаухатты ұсынды.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Талдықорғанның қалалық сотында «Арқанкерген» бекетінде қызметтестерін өлтірді деп айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша басты сот процесі басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда "Арқанкерген" бекетінен жанып кеткен 13 шекарашының мәйіттері табылды. Кейін тағы бір сарбаздың мүрдесі және шекара бекетінен алыс емес жерден орманшының өлі денесі табылды.

Қызметтестерінің өлімін мойнына алған, тірі қалған шекарашы В. Челахқа 9 бап бойынша айыптар тағылды. Атап айтқанда, «Екі немесе одан көп адам өлтіру», «Адамның жеке затын қолды қылу», «Құпия материалдарды қымқыру», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру, «Әскери мүлікті қирату», «Қашқындық» және "Өзгенің үйіне заңсыз баса-көктеп кіру».

Соңғы жаңалықтар