«Чек талап ет те, жүлде ұтып ал» акциясында 1 мыңнан астам адам жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» акциясы аясында 210 мыңнан аса чек жіберілді. Қазіргі уақытта жеңімпаз болып 1 мыңнан аса адам аталды. Олар 5000 дейінгі сыйақыға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!» ақциясын жалғастыруда.

«21 тамыздан 27 қазанға дейінгі кезеңде акцияға 11 203 пайдаланушы қатысқан, олар 210 726 чек жолдаған, көрсетілген кезең 1 157 жеңімпаз анықталды, ең көп жеңімпаздар саны Қостанай облысында – 157 жеңімпаз, Алматы облысында - 135 жеңімпаз, Маңғыстау облысында – 103 жеңімпаз, Алматы қаласында – 99 жеңімпаз, Солтүстік Қазақстан облысында – 92 жеңімпаз, ШҚО - 86 жеңімпаз, Ақмола облысында 84 жеңімпаз, Нұр-Сұлтан қаласында - 66 жеңімпаз анықталды», делінген хабарламада.

Комитеті, акцияға қатысу үшін онлайн Бақылау-касса машиналары чектерін қабылдау 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске салады.

Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегін ұсыну арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуын растаған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 млн теңге. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлдесі – автомобиль ұтып алуға да қатысады.

Сондай-ақ БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып шағым жөнелтуі мүмкін.

Айта кетейік, акция азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар