+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Чек берілмегені туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:02
Бөлісіңіз:
Чек берілмегені туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтық бақылау – чек талап ет» жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өтуде. Осы акция аясында азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылықтары туралы хабарлауына болады, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дағдарыстан бірінші болып дамыған елдер шыға бастайды Қазақстанда қай кәсіпорын басшылары ең жоғары жалақы алады Қызылордада 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары жүзеге асырылуда

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына кез келген азамат қатыса алады. Барлық жіберілген арыздар мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

Фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» ақысыз мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон шотына (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

Ағымдағы жылы акция басталғалы азаматтардың хабарламалары бойынша 3 000 бұзушылық фактісі расталды және 3 млн. теңге сомаға сыйақы төленді (оның ішінде қайта бұзушылық жасаған 90 кәсіпкер 2,6 млн. теңге айыппұл төлеуге тартылды).

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзуға мүлдем төзбеушілік көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына белсенді қатусыға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT