+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Чехияның вице-премьері пойыздардың соқтығысу себебін айтты

2021 жылғы 4 тамыз 15:46
Бөлісіңіз:
Чехияның вице-премьері пойыздардың соқтығысу себебін айтты

ПРАГА. ҚазАқпарат – Пльзень қаласы (Чехияның батысы) мен Мюнхен арасында жүретін «Батыстық экспресс» пойызы машинисінің абайсыздығы Чехияның батысындағы Домажлице қаласының маңындағы Милавче елді мекені маңында жолаушылар пойыздарының соқтығысуына себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды Атырауда мүмкіндігі шектеулі баланы ұрған қызметкер жұмыстан қуылды ШҚО-да жол ережесін бұзған 40 адамның көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Бұл туралы Чехияның вице-премьері, Өнеркәсіптік сауда министрлігінің басшысы және көлік министрі Карела Гавличека Twitter -дегі парақшасында жазды.

«Ex-351 пойызы (теміржолдың бір жолды учаскесіне) семафордың тыйым салынған сигналына шығып, басқа жолаушылар пойызымен соқтығысып қалған. Жағдай өте ауыр. Мен барлық жұмыс бағдарламамнан (жоспарланған кездесулерден) бас тарттым. Мен қайғылы жағдай орын алған жерге барамын», - деп жазды ол.

ČTK ақпарат агенттігі хабарлағандай, Германияның жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері Батыс Чехияға жолаушылар пойыздары соқтығысқан жерге бет алды, барлығы бес жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Домажлице қаласының маңындағы Милавче елді мекені маңында пойыздардың соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, жетеуі ауыр жарақат алған, олардың жағдайы ауыр. Тағы 31 адам зардап шекті, бірақ олардың жағдайы жаман емес.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT