Чехияның сарапшылар қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына жоғары баға берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Прага қаласында 2022 жылдың 15 қыркүйегінде – Қазақстан Республикасының Чех Республикасының Елшілігінде «ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын талқылады.

Жиынға чех қоғамының, мәдениет, білім және бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар «Қазақстан достары клубының» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Чехиядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломаттар іс-шараға қатысушыларды Президент Жолдауының негізгі қағидаттарымен, сондай-ақ елдің саяси жүйесін жаңғырту жөніндегі реформалармен жақын таныстырды.

Чех сарапшылары Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын Президенттің жаңа саяси бағдарламасына үлкен қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, Парламент Сенатының депутаты Я.Жалоудик өз сөзінде: «Жолдауда қойылған міндеттер олардың ауқымдылығы мен өршілдігі тұрғысынан маңызды болып көрінеді, мен Қазақстан Халқының Жолдау аясында қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынына сенімдімін. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы ұсыныстары уақтылы және республика дамуының қазіргі кезеңінде қажет. Чех Парламенті Сенатының депутаты ретінде мені де қазақстандық тәжірибе қызықтыратыны сөзсіз», - деп атап өтті.

Чех Федералды теледидарының журналистері Д.Вресталова мен Д.Стоматова өз сөздерінде: «Қ. Тоқаевтың Жолдауында батыл міндеттер тұр, Білім беру, Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі дамыту бағдарламасы айқындалған, Қазақстан халқы оларды іске асыруға батыл түрде дайын екеніне сенімдіміз. Қазақстанда қалыптасқан саяси жаңғырту жүйесі сындарлы диалог құруға ықпал етеді және көптеген әлеуметтік-экономикалық міндеттерді сапалы орындау үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасайды» -деді.

Іс-шара соңында ҚР Президенті Жолдауының негізгі қағидаттары бойынша сындарлы пікір алмасылды.


Соңғы жаңалықтар