Чехиялықтар Ақмола облысында чех тілін үйрету бөлімдерін ашуға мүдделі (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауға Чехия Республикасының Оңтүстік-Моравск өлкесінен ресми делегация келді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Делегация құрамында Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Элижка Жигова және Оңтүстік-Моравск өлкесінің гейтманы (губернатор) Михаил Гашек бар. Шетелдік меймандар Ақмола облысының әкімі С.Кулагинмен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы Чехия Республикасы еліміздің халықаралық аренадағы маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтап өтті.

«Ақмола облысының барлық саласы серіктестеріміз үшін ашық, бұл кездесу екі жақты ынтымақтастықты әрі қарай белсендіруге тың серпін береді деген ойдамын», - деді облыс әкімі.

Оңтүстік-Моравск өлкесінің гейтманы өз сөзінде Ақмола өңірінде ЖОО-лары мен колледждерінде чех тілін үйрету бөлімдерін ашу туралы ұсынысын білдіріп, Ақмола облысының әкімі бастаған делегацияны Чехияда қабылдауға әзір екендігін айтты.

Осы күні чехиялық делегация мүшелері жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, екіжақты сауда-экономикалық байланысты нығайту жолдарын талқылады.

Жалпы, Ақмола облысы мен Чехия Республикасының 2015 жылдың қаңтар-шілде айларындағы сыртқы сауда айналымы 1 081,8 мың АҚШ долларын құраған немесе облыстың жалпы сыртқы сауда айналымының 0,2 пайызына тең болған.

Атап айтқанда, Ақмола облысы Қазақстанның негізгі аграрлы-өнеркәсіптік аймақтарының бірі болып табылады және еліміздің 25 пайыз астығын өндіреді. Қазақстан жыл сайын алыс және жақын 32 елге 2 миллион тонна астық экспорттайды.

Кездесу соңында Ақмола облысының әкімі Чехия Республикасынан келген әріптестеріне ризашылығын білдіріп, естелікке кәдесыйлар сыйлады.

Сапар барысында Чехиялық делегация дәнді және майлы дақылдарды сақтау және өңдеумен айналысатын «Ақмола Бидай» және «Есіл Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен де танысты.

Соңғы жаңалықтар