Чехиялық мас күйде Будапешт-Астана ұшағында тәртіп бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері Чехия азаматын тәртіп бұзғаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 3 бабы бойынша жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі ІІД  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы әуежайындағы Ішкі істер желілік бөлімінің кезекші бөліміне әуежайдың қауіпсіздік қызметі диспетчерінен «Будапешт-Астана» бағытындағы ұшақ бортында құқық бұзушы азаматтың бар екендігі жөнінде хабарлама келіп түскен.

«Көлік полицейлері тексеру барысында Чех Республикасының 51 жастағы азаматын анықтады. Ер адам алкогольді мас күйде өзін дөрекі ұстаған, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, жолаушылардың тыныштығын бұзған, осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес құқық бұзушының жеңіл дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Чехиялықтың үстінен қоғамдық орындарға масаң күйде келу, әуе кемелерінде мінез-құлық ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және 5 АЕК (12 025 теңге), 3 АЕК (7 215 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оның үстінен ұсақ құқық бұзушылық жөнінде әкімшілік хаттама толтырылып, Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

 

Соңғы жаңалықтар