Чехиялық компания Қазақстанда детонатор шығаруға қызығушылық танытып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чехиялық Austin Detonator s.r.o компаниясы қазақстандық серіктестермен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясымен кездесуде Austin Detonator компанияның аймақтық директоры Либор Бартек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Austin Detonator өкілдерінің айтуынша, қазақстандық нарық компания үшін үлкен қызығушылық тудыруда және өзгерген халықаралық жағдайға байланысты олар ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанда зауыт ашу мүмкіндіктерін қарастыруда.

«Бізде бұрын қазақстандық компаниялармен жұмыс істеудің табысты тәжірибесі бар. Қазір біз компанияның қазақстандық нарықтағы үлесін арттыруға мүдделі екенімізді білдіреміз. Ынтымақтастығымызды кеңейту үшін зауыт ашуды жоспарлап отырмыз, ол тек қазақстандық нарықты ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің нарықтарына экспорттайтын болады», - деді Либор Бартек.

«Сіздердің кәсіпорын өнімдерінің 97 пайызы экспортқа шығарылатынын білеміз. Өндірістерді Қазақстанда орналастыру арқылы сіз тауарды жеткізу тізбегін жақсарта алып және де жаңа нарықтарға шыға алатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали.

Austin Detonator (Austin Powder Company холдигінің бөлігі) Еуропадағы өнеркәсіптік жарылыс жұмыстарына арналған детонациялық материалдардың ең ірі өндірушісі болып табылады. Өнімдер желісі алуан түрлі және мұнай-газ өнеркәсібіне арналған электрлік/электрлік емес жалпы мақсаттағы детонаторларды, электронды жүйелерді, сондай-ақ детонациялық материалдарды өндіруге арналған компоненттерді: праймерлерді, толқын өткізгіштерді, тұтану бастиектерін және т.б. Austin Europe Еуропалық аймақта жалпы саны 1000-нан астам қызметкері 12 өкілдігі бар. Компания бүкіл әлем бойынша өнімдерді жеткізеді және жарылыс, техникалық қолдау және жарылыс жұмыстарын оңтайландыру қызметтерін ұсынады.

Austin Detonator өкілдерінің сапары KAZAKH INVEST пен Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.


Фото: invest.gov.kz



Соңғы жаңалықтар