+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Чехияда жыл сайын 100 мыңнан астам қазақстандық демалады

2017 жылғы 15 шілде 12:13
Бөлісіңіз:
Чехияда жыл сайын 100 мыңнан астам қазақстандық демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын 100 мыңнан астам қазақстандық турист Чехияға сапарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын 100 мыңнан астам қазақстандық турист Чехияға сапар жасайды. Сонымен қатар бұл ел қазақстандық студенттер арасында да танымал, олардың саны бұл күнде 2 мыңға жуықтап отыр. Чех Республикасы жаңаратын энергетикадағы жаңа технологиялар, туризм және білім салаларында тамаша жетістіктерге қол жеткізді», - деді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен Чехияның ұлттық күнінің салтанатты шарасында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол екі елдің арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың арта түскендігін баса атап өтті. Мәселен, бүгінгі күні Қазақ елінде чех бизнесмендерінің қатысуымен 110-нан астам компания құрылған.

Мұнан бөлек, ҚР Парламенті Сенатының спикері Чех Республикасы қазіргі таңда Қазақстанның халықаралық аренадағы сенімді серіктесі болып отырғандығын айрықша атады.

«Біз екі елдің парламенттері арасындағы өзара байланыстарды дамыту үстіндеміз. Халықаралық қауымдастық алдында тұрған көптеген мәселелерге қатысты біздің парламентарийларымыздың көзқарасы тұспа-тұс келіп жатады. Астанадағы чех павильонында ұсынылып отырған жасыл экономика мен таза технологияның үздік тәжірибесі екі ел ынтымақтастығын тереңдете түсу үшін жаңа мүмкіншіліктер туғызатынына сенімім мол», - деді Қ.Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT