Чехияда ұсталған «Алматы» ӘКК экс-менеджері Қазақстанға жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Чехия билігі ұрлық жасады деп күдікке ілінген «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» ҰК» АҚ бұрынғы менеджерін ұстап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері Алматы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехия Республикасынан Иконников Сергей Анатольевичті экстрадациялады», - деді бақылау ведомствосында.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» ұлттық компаниясы» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бұрынғы басшысы аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр.

2017 жылдың наурыз айынан бері Сергей Иконниковқа халықаралық іздеу салынған еді.

Чехия Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасына фигурантты беру туралы сұратымды қабыл алды. Күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар