Чехияда торнадо тағы бір ауылды қиратты

None
None
ПРАГА. ҚазАқпарат – Чехияға торнадо қайта төніп, солтүстік-батыстағы ауылдың тас-талқанын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Алайда, материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр. ҚазАқпарат бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Кем дегенде 300-ге жуық адам зардап шекті. Қаза болғандар саны 5 адамға дейін артты.

Ал жұма күні күші сәл әлсіздеу торнадо Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға соқты.

Қазір Оңтүстік Моравияда 7 елді мекенде іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.

Синоптиктердің мәліметінше, торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3-інші немесе 4-інші деңгейіне жетті. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласты. Бір отбасылар баспанадан айырылса, бірінің үйі жарықтан ажыраған. Зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.


Соңғы жаңалықтар