Чехияда балалар арасында коронавирустың оңтүстік-африкалық штамы таралып жатыр

None
None
БРНО. ҚазАқпарат – Чехияның шығыс бөлігінің ірі қаласы Брнодағы балабақшалардың бірінен коронавирустың оңтүстік-африкалық штаммын жұқтырудың үш жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Чех телеарнасына сілтеме жасап.

Коронавирустың оңтүстік-африкалық штамы балалар мен жасөспірімдерге үлкен қауіп төндіреді. Медициналық сарапшылар балабақшаларды жауып, орта мектептердің бастауыш сыныптарында офлайн (күндізгі) оқуға тыйым салу қажет деп санайды. Ел билігі жұма күні тиісті шешім қабылдайды деп күтілуде.

Ел ауруханаларында 15 жасқа дейінгі ауруханаға жатқызылған науқастар саны артып келеді.

Чехияда індет басталғаннан бері ауру жұқтырғандардың жалпы саны 1 212 780 болды. Инфекцияның асқынуынан 10,46 млн тұрғыны бар республиканың 19 999 тұрғыны қайтыс болды. 5 қазаннан бастап республикада 2020 жылғы 12 наурыз бен 17 мамыр аралығында әрекет еткен төтенше жағдай режимі қалпына келтірілді. Мұнда маскалық режим және қатаң әлеуметтік шектеулер, соның ішінде шұғыл қажеттіліксіз түнде үйден шығуға тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар