Чехия Президенті Астанадағы ЭКСПО көрмесіне келуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Чехия Президенті Милош Земан Астанадағы ЭКСПО көрмесіне келетіндігін хабарлады.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің халқы үшін жасаған еңбегін жоғары бағалаймыз және құрметпен қараймыз. Қазақстан Президенті Чехия Республикасына шақыруымды қабыл алады деген үміттемін», - деді Чехия басшысы.

Сонымен қатар М.Земан чех тарапы 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО аясында ынтымақтасуға ниетті екенін жеткізді.

«Мен Қазақстан елордасында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне сапармен келуге ниеттімін», - деді ол.

Айта кетейік, 2013 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 417,8 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінде оның көлемі 313,1 млн. долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,7 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар