Чех бизнесмендерін Қазақстан экономикасын инвестициялауға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Чехия астанасы Прагада Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы бойынша роуд-шоу өтті.

Шараның ұйымдастырушысы - ҚР ИДМ-нің «KAZNEX INVEST» экпорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі.

ҚР-ның Чехия Республикасындағы Консулдығының қолдауымен өткен шара барысында «KAZNEX INVEST» АҚ төрағасының орынбасары Алмас Айдаров әлеуетті инвесторлар үшін отандық АЭА-дың инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, инвесторлармен жұмыс жүргізу бастамаларын таныстырып өтті.

Роуд-шоудың аясында екіжақты кездесулер өткізіліп, «KAZNEX INVEST» Экпорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі мен «Česká východní», «Crane Constancy Capital» компаниялары, Чехия Республикасының Өнеркәсіп одағы, Чехия Республикасының шағын және орта бизнес қауымдастығы, ТМД елдері бойынша сауда-өнеркәсіп палатасы, қазақстандық-чехиялық аралас сауда палатасының арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар