Cерік Теміржанов Азия чемпионатында күміс медаль алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Cерік Теміржанов күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада 57 келіде сынға түскен Cерік Теміржанов финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковке есе жіберді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) жапониялық Аратаке Кадзумадан басым түсті. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.

Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі) өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан жеңіліп қалды. Нәтижесінде күміс медальді қанағат тұтты.

Айта кетсек, 2021 жылы Сербия астанасы Белград қаласында өткен әлем чемпионатында Сәкен аталған қарсыласын қапы қалдырып кеткен болатын.

Енді ел құрамасынан тағы алты боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.


Фото: sports.kz
Соңғы жаңалықтар