«Центркредит банкі» ШОБ субьектілерін қолдауға 13,5 млрд теңге бағыттайтын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Центркредит банкі» АҚ пен Еуропа қайта құру және даму банкі құны 13,5 млрд теңге болатын несиелік келісімге қол қойды. Қазақстандық банк қаржыны ШОБ-ты қаржыландыруға бағыттамақ.

Айта кету керек, қаржы «Даму» қорының кепілдігімен берілді. 6,75 млрд көлемінде екі траншпен берілетін қаржы әрқайсысы 5 жылда игерілетін болады. Қарыз ақшаның 60%-дан астамы Алматы мен Астанадан өзге аймақтарға жіберіледі. Несиелеудің басты шарттарына келсек, максималды сома 900 млн теңге ең ұзақ 60 айға дейінгі уақытқа беріледі. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 16%. Қаржы инвестицияға, айналым қаржысын толықтыруға, өзге банктен қайта қаржыландыруға жұмсалады. «Теңгемен берілетін несие тапшылығы жағдайында көптеген ШОБ субьектілерінің айналым қаржысы жеткіліксіз болады. Сондықтан «Даму» кепілдігімен тартылған қаржы қосымша теңге ресурсы ретінде оларға көрсетіліп отырған үлкен қолдау деп білемін», - деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. «ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына үлкен мән береді. Біздің сенімді серіктесіміз болып отырған «Центркредит банкі» жергілікті компанияларға валюталық тәуекелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп сенемін», - деді ЕҚДБ Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман.

Соңғы жаңалықтар