Центркредит банк санкция тізімінен Альфа-банкті шығару қадамдарын бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Альфа-банк Қазақстан банкін сатып алған Центркредит банк АҚШ-тың Қаржы министрлігіне өтінім жолдайды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Альфа-банк бойынша санциялар 6 мамырда күшіне енді. Осы мерзімге дейін бұл банк шетел валютасында және басқа да операцияларды жүргізе алды. Альфа банк ЦентрКредит банкіне сатылғанын білесіздер. Енді ЦентрКредит АҚШ-тың қаржы министрлігіне қарасты шетел активтері жөніндегі басқармасына жүгініп, банкті санкция тізімінен шығару өтінімін жасай алады», - деді М. Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол осы санкция тізімінен шығудың жалғыз жолы ретінде акционерді толықтай ауыстыру қадамдары жататынын айтты.

«Екіншіден, банк атауын өзгерту іске асырылып, қайта тіркеу жүргізілуі керек. Осы жағдайда аталған банкті санкция тізімінен шығаруға рұқсат етіледі. Бұл ретте Альфа-банк қысқа мерзімде тиісті жұмыстарды атқарды», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, агенттік басшысы үш ресейлік банк бойынша бірқатар клиенттің шоттары 3 млрд теңгеге бұғатталғанын айтты.

6 мамыр күні Банк ЦентрКредит «Альфа-банк Қазақстан» еншілес банкі» акционерлік қоғамының жай акцияларын сатып алғанын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар