Cемейде жоғалып кеткен 19 жастағы бойжеткен іздестіріліп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында құтқарушылар жоғалып кеткен 19 жастағы қызды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 мамыр күні үйден шыққан 2000 жылғы қыз сол күйі қайтып оралмаған. Туған-туыстары оны іздеп таба алмаған соң полицияға қоңырау шалды.

«Іздеу жұмыстарына 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен сүңгуірлер тартылды. Сүңгуірлер жеті шақырымға жететін өзенді шарлап шықты. Бүгінде олар Ертіс өзенінің жағалауын аспалы көпірден бастап қарауда. Сондай-ақ құтқарушылар моторлы қайықпен барлық аралдарды тексеруде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Айым есімді жоғалған қыздың бойы - 165 см, көзі - қоңыр, шашы - сары. Үстінде қара жемпір мен джинсы шалбар болған.

Оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білгендер 8 7222 569717 немесе 102 нөміріне хабарласуы қажет.


Соңғы жаңалықтар