Cемейде көпқабатты үйдегі өрт бір адамның өмірін қиып кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласы Шүлбі кентіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 ақпан күні түн жарымында болған.

«Төртінші қабаттағы пәтерде еден мен жеке заттар өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін бірден оқиға орнына аттанды. Алайда 69 жастағы үй иесін құтқара алмады», - делінген ведомство мәліметінде.

Өрт шығу себебінің екі нұсқасы қаралуда, атап айтқанда шылым шегу немесе отты абайсыз қолдану.


Соңғы жаңалықтар