Cемейде «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, жаяу жүргіншіні мерт қылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. Семей қаласындағы Өскемен көшесінде келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесі кенеттен ажырап кеткен.

Соның салдарынан тіркеме жол жиегіндегі 20 жастағы ер адамды қаққан. Қала тұрғыны оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», - делінген ақпаратта.


Фото Абай облыстық ПД-дан
Соңғы жаңалықтар