+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

2021 жылғы 22 маусым 03:00
Бөлісіңіз:
Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті Өскеменде полицейлер денсаулығы сыр берген 7 жасар қызға көмекке келді

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына мал бағуға кеткен азамат сол-күйі хабар-ошарсыз.

«9 маусымда «Қызылтас» шаруа қожалығының басшысы Семей қалалық Полиция басқармасының «102» жедел арнасына қоңырау шалды. Өз сөзінде ол 1966 жылғы Олег Зубковтың жоғалып кеткенін айтты. Аталған шаруа қожалық Қайнар ауылынан 45 шақырымдай қашықтықта орналасқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері ер адамды табу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда арада 1 айдан астам уақыт өтсе де Семей тұрғыны табылмай жатыр. Тәртіп сақшылары оның қайда екенін білгендер болса «102» арнасына хабарласуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT