Cемей тұрғыны 15 млн теңгенің есірткісімен ұсталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғынынан 15 млн теңгенің есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті шаһардағы шағын аудандардың бірінде пәтер жалдаған.

Сонымен қатар ол марихуана тасымалдау үшін автокөлік жалдаған.

«Полиция қызметкерлері оның схемасын ашып, жалға берілетін пәтердің мекен-жайын, аз мөлшерде есірткі сатып алушылардың кім екенін анықтады. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде марихуана салынған үш қорап тәркіленді», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 54 келіні құрады. Оның қара нарықтағы құны - 15 миллион теңге.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Ер адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар