«Cемей-Қайнар» тасжолында екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы «Cемей-Қайнар» тасжолында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 2 адам көз жұмды, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең «Семей-Қайнар» автожолының 378-ші шақырымында болды. Volkswagen және Daewoo маркалы көліктер бетпе-бет соқтығысқан.

«Соның салдарынан Daewoo көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы сол жерде жан тәсілім етті. Сондай-ақ сол көліктегі 2003 және 2004 жылы туған екі жолаушы мен Volkswagen көлігіндегі 49 жастағы жүргізуші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.



Соңғы жаңалықтар