Целиноград ауданының әкімі тағайындалды – Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен және ҚР Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихат депутаттары келісімі бойынша Бақытбек Амантайұлы Оспанбеков Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақытбек Амантайұлы 1968 жылы Ақмола облысының Макинск қаласында туған. 1992 жылы Целиноград инженерлік – құрылыс институты бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Макинск қаласындағы «Перспектива» шағын кәсіпкерлігінде прораб ретінде бастаған.

2007-2010 жылдары Бұланды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі, Бұланды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Бұланды ауданының құрылыс бөлімінде басшылық қызметтерде болды.

2010-2015 жылдары Петропавл, Көкшетау және Нұр-Сұлтан қалалары әкімдіктерінде бөлім басшысы лауазымын атқарды.

2015-2018 жылдары Целиноград ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2018 жылдың 19-ші сәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарды.



Соңғы жаңалықтар