Целиноград ауданында көктемгі су тасқынына дайындық жүріп жатыр - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Мəлғаждар Тəткеевтің айтуынша, өңірде су тасқыны қауіпі бар аумақтар анықталып, бақылауға алынған.

«Биылғы жылы көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына аудандық бюджеттен 42 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде аудандағы елді мекендерден 111 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылып, 234-ке жуық су өткізгіш тазартылды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар бойынша аудандық бюджеттен 18 миллион 600 мың теңге қаржы бөлініп, оған 70 мың литр жанар-жағар май, 550 тонна инертті материалдар, 40 мың қап және 77 бірлік арнайы техника ә¬зірленген. Оған қоса, бюджеттен қосымша тағы 42 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр», деді Тəткеев.

2  

Сонымен қатар, аудан басшысы Есіл жəне Нұра өзендерінің бойындағы су бөгеліп қалуы мүмкін аум¬ақтарда мұз жару жұмыста¬ры жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан¬ әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Ақмола облысының Атбасар ауданында 500-ге жуық тұрғын үйді су шайып кетсе, 2015 жылдың көктемінде 8 ауданда (Астрахань, Аршалы, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Целиноград аудандары) су тасқыны болып, 400-ге жуық тұрғын үй жарамсыз болып қалған еді. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарға залал келіп, ұзындығы 6 шақырым автомобиль жолдарының 65 учаскесін су шайып кетті. Целиноград ауданының бір ғана Оразақ ауылында 200-ден астам тұрғын үй жапа шеккен болатын.

Соңғы жаңалықтар