Целиноград ауданында екі бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында екі бірдей жаңа мектеп ашылды.

1-ші қыркүйек - Білім күні ашылып отырған мектептің бірі - 300 оқушыға арналған Тайтөбе ауылында болса, екіншісі 40 орындық бастауыш мектеп Преображенка ауылында пайдалануға беріліп отыр.

Аталған білім ордаларының ашылуы салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов, Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Тайтөбе ауылындағы мектептің құрылысы 2013 жылы қолға алынған болатын. Алғашында құрылыс жұмыстарын «КазЭлит Сервис» ЖШС бастап, кейін аяқсыз қалдырған. Араға бір жыл салып, 2014 жылы электронды байқаудың қорытындысына сай «Электросетьстрой» ЖШС-мен білім ордасының құрылысын аяқтау жөнінде келісімшарт жасалады. Осылайша, 1-ші қыркүйек - Білім күні 300 орындық жаңа мектеп оқушыларға есігін  айқара ашып отыр.

Ал, Преображенка ауылындағы 40 орындық бастауыш мектептің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қолға алынды. Екі мектеп те ауыл балаларының сапалы білім алуы үшін қажетті қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Жаңа бiлiм ғимаратының ашылғанына қуанған ауыл тұрғындары мемлекетке де, осы игiлiктi iске күш жұмсаған барлық сала мамандарына да өз алғыстарын айтуда.

null 

Соңғы жаңалықтар