+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Целиноград ауданында 179 текше метр қар су сорылды - Ақмола облысы

2020 жылғы 4 сәуір 21:57
Бөлісіңіз:
Целиноград ауданында 179 текше метр қар су сорылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ТЖД күштері Целиноград ауданында 179 текше метр қарғын су сорды. Сонымен қатар, ауданда қар тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде 736 583 метр қар тазаланды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 56 000 текше метрге көп. Оның ішінде Қараөткел ауылында 127 020 текше метр қар шығарылып, аудандық, облыстық және республикалық маңыздағы автокөлік жолдарындағы су өткізетін 160 нысан тазаланды. Бұдан бөлек, елді-мекендердегі арықтар мен арналар тазартылып, 20 160 метр аумағы кеңейтілді. Оның басым көпшілігі Қоянды ауылына тиесілі.

Қараөткел және Талапкер ауылдық округтері аумағында айналма жол көпірінен бастап, Нұресіл ауылына дейін Есіл өзені арнасын тазартып, кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Наурыздың 10-нан 31-і аралығында Нұра және Есіл өзендерінде 3 400 шаршы метр аумақта мұз жарылды.

«Қазіргі кезде Целиноград ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 198 адам және 84 бірлік арнайы техника, 40 су сорғыш жұмылдырылуда», - дейді Целиноград аудандық ТЖБ бастығы Арман Нұркенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT