Cауль Альварестің қолы сынғаны мәлім болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес (69,9 кг дейінгі салмақта WBO чемпионы) британдық Лайам Смитке қарсы кездесуінде қолын сындырып алғаны мәлім болды, деп хабарлайды ТАСС Times газетіне сілтемемен.

Кездесу жексенбі күні өтті. Альварес Смитті 9-раундта нокаутқа жіберіп, одан WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігін тартып алды.

Басылым «Канелоның» желтоқсандағы жекпе-жегіне шыға алмайтынын жазады. Айта кетейік, оның келесі кездесуі 10 желтоқсанда өтуі тиіс еді.

Сауль Альварес жерлесіміз Генадий Головкиннің басты әлеуетті қарсыласы саналады.

Соңғы жаңалықтар