Capital Bank Kazakhstan салымшылары алдындағы міндеттемелердің үштен бірі орындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемінің үштен бірін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына агент банк ретінде таңдап алынған «Еуразиялық банк» АҚ арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу 2021 жылдың 3 шілдесінде – банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күнінен бастап 6 жұмыс күннен кейін басталды.

Алғашқы күндері Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді алуға өтініш берген 189 азаматқа агент банк арқылы шамамен 518,7 млн теңге төледі. Бұл банк салымшылары алдындағы міндеттемелердің жалпы көлемінің 30,8 пайызын құрайды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтемді алуға жүгінбеген салымшыларға төлем мерзімі кезінде (2021 жылдың 2 шілдесінен бастап, соңғы күнін қоса алғанда 2022 жылдың 3 шілдесіне дейінгі аралықта) агент банктің кез келген бөлімшесіне барып, өтем алуға өтініш беруге кеңес береді. Қолда жеке куәлік болуы керек.

Кепілдік берілген өтем салымшыға оның құжаттары агент банкке келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде төленеді.

Бұған дейін, «Capital Bank Kazakhstan» банк лицензиясынан айырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңгені, несие портфелі – 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе Банктің несие портфелінің 89,8%-ы – 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер.


Соңғы жаңалықтар