Cалауатты өмір салтын ұстанған ел болуға әрбіріміз ұмтылуымыз қажет - С.Елшібаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сәуірдің 7-і Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай бүкіл еліміз бойынша «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!» ұранымен қолға алынған «Денсаулыққа жеті қадам» марафоны Ақмола облысында да жалғасуда.

Республика бойынша қолға алынған «Денсаулыққа жеті қадам» марафоны шеңберінде Ақмола облысында да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, Көкшетау қалалық емханасының жанында ашылған "Жүрек демікпесі", "Ісік аурулары", "Диабеттік табан", "Инсульт", "Босануға дайындық", "Жас ана", "Жүрек қан тамырлары"сияқты бастауыш санитарлық-медициналық көмек көрсететін денсаулық мектептерінде қалалық емхананың кардиолог дәрігері Сағадат Елшібаев пен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары бірлесіп, орта және жоғары оқу орындарының студенттеріне дәріс оқып, ақыл-кеңестерін беруде.

Сонымен қатар, осынау марафон аясында Көкшетау қалалық емханасының дәрігерлерімен қан айналымы аурулары, жатыр және жатыр мойыны ісігі, сүт безі ісігі, қант диабеті, ісік арулары суқараңғы және тік ішек пен тоқ ішек ісігі сияқты аруларды алдын ала анықтау үшін скринингтік тексерулер жүргізіліп жатыр. Осы орайда, көкшетаулық дәрігерлер «Ұзақ өмір сүруің өз қолыңда!» ұранымен қолға алынған «Денсаулыққа жеті қадам» марафонын халықтың денсаулығын жақсартуда маңызы зор қадам деп отыр.

"Әрбір адамның денсаулығы өз қолында. Денсаулығын нығайтып, ауру-сырқаудан аулақ боламын деген кез келген азамат зиянды әдеттерге бой алдыртпай, салауатты өмір салтын ұстанғаны абзал. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында да ерекше атап өтті. Бұған, әрине, дәрігерлердің де қосатын үлесі зор. Ал осы мақсатта біз халыққа түрлі ауруларды алдын алу үшін ақыл-кеңестерімізді айтудан аянбаймыз. Егер сондай жағдай бола қалған жағдайда емдеуге тырысамыз. Елбасымыз айтып өткендей, салауатты өмір салтын ұстанған ел болуға әрбіріміз ұмтылуымыз қажет", - дейді С.Елшібаев.

Соңғы жаңалықтар