БЖЗҚ зейнетақы қорын қалай басқарып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылы басынан бері зейнетақы қорын қалай басқарғаны туралы ақпарат жариялады,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми мәліметте 2021 жылдың 1 мамырында зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,6 трлн теңге болғаны жазылған. Ал Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 трлн 593,67 млрд теңгеге жеткен. Салымшылар зейнетақы реформасын пайдаланып, қазақстандық басқарушы компанияларға зейнетақы жинғаынан 2,8 млрд теңге аударған.

2021 жылдың 1 мамырына Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар бойынша Ұлттық банк БЖЗҚ активін мынадай істерге инвестициялапты.

- Қаржы министрлігі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар - 5 трлн 292,61 млрд теңге (бүкіл портфельдің 42,3%). Оның ішінде теңгеге номиналданған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша орташа кірістілік – жылына 8,8%, долларға номиналданған қағаздар кірістілігі – жылына 4,2% құрады.

- Квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 1 трлн 756,42 млрд теңге (13,95%). Оның ішінде теңгемен номиналданған облигациялардың орташа кірістілігі – жылына 10,8%, АҚШ долларымен номиналданған облигациялардың орташа кірістілігі –жылына 6,6%.

-Екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 1 трлн 49,25 млрд теңге (8,33%). Оның ішінде теңгеге номиналданған облигациялардың орташа кірістілігі – жылына 10%. ЕДБ депозиттеріне 248,86 млрд теңге (немесе портфельдің 1,98%) орналастырылды. Оның орташа кірістілігі – жылына 9,1 %.

Сыртқы басқарудағы активтер – 1 трлн 134,51 млрд теңге (портфельдің 9,01%-ы). 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім 38,94 % құрады.

«Зейнетақы активтері портфелінің 68,14%-ын Ұлттық валютадағы инвестициялар, 31,71%ын АҚШ долларындаға инвестициялар, Ресей рубліндегеі инвестициялар 0,14%-ын алып тұр», - деп жазады БЖЗҚ мамандары.

Осы активтерді басқарудан түскен инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

- орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операцияларынан түскен сыйақы түріндегі кірістер 284,76 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 26,47 млрд теңге;

- валюта бағамының айырмашылығынан түскен кірістер 49,23 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтердің кірісі 64,15 млрд теңге;

- өзге де кірістер 63,91 млрд теңгені құрады.

«Осылайша, 2021 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 488,52 млрд теңге», - деп жазыған ресми мәліметте.


Соңғы жаңалықтар