БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы инфляция деңгейінен жоғары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің табысы жыл басынан бері 6,48% көрсетті, инфляция 5,3% болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салымшылардың шоттарындағы таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 798,3 млрд теңгені құрады, осылайша шарттардың барлық түрлері бойынша түсетін жарналардың көлемінен асып түсті. Өткен жылдың осы кезеңінде ол 752,9 млрд теңге болды»,- деп хабарлады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.

Бұл ретте жыл басынан бері Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,48% көрсетті, сол кезеңдегі инфляция 5,3% болды.

«Егер ҚР ҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігін жылдық мәнде, яғни соңғы 12 айда қарастыратын болсақ, онда ол инфляция 8,4% кезінде 10,56% құрады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар