БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен ЖШС облигацияларын сатып алмаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БЖЗҚ «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын алғаны туралы мәліметке қатысты хабарлама жариялады.

«БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алғаны туралы ақпаратқа пікір білдіре отырып, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде көрсетілген бағалы қағаздар жоқ екендігін ресми түрде мәлімдейді. Зейнетақы активтерін инвестициялауды  ҚР Үкіметі бекіткен  зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес және Декларация бойынша инвестициялау лимиті шеңберінде Ұлттық Банк жүзеге асырады», - делінген хабарламада. 

Бұған ай сайын enpf.kz сайтында және БАҚ-та жарияланатын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін сараптай келе көз жеткізуге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та «Бузгул Аурум» ЖШС-ның облигацияларын инвестициялау арқылы 5 млрд теңге көлеміндегі БЖЗҚ қаржысы ұрланды және түскен қаржы екінші деңгейлі банктердің біріне орналастырылды. Ал, ол қаржы ЖШС құрылтайшысының осы банктен алып, өтеу мерзімі өтіп кеткен несиесін жапты» деген хабарлама жарияланған еді. 

Соңғы жаңалықтар