БЖЗҚ WhatsApp арқылы таралған ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ WhatsApp арқылы таралған ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін зейнетақының сақтандыру бөлігін төлеген 1957-1966 жылғы әйелдер мен 1953-1966 жылғы ерлердің бір реттік төлем алатыны туралы ақпарат тараған болатын.

БЖЗҚ мұндай ақпараттың салымшыларды алдау екендігін жеткізді.

Қор өкілдері бүгін бір реттік төлемді кімдер ала алатынын жариялады.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарнасы есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқылы азаматтар тізімі аталған заңның 31-бабында көрсетілген.

1) зейнет жасына жеткен

63 жасқа толған ер адамдар,

58 жасқа толған әйел адамдар.

Сондай-ақ, әйел адамдар:

2018 жылдың 1 қаңтарынан 58,5-ке толса,

2019 жылдың 1 қаңтарынан 59-ға толса,

2020 жылдың 1 қаңтарынан 59,5 -ке толса,

2021 жылдың 1 қаңтарынан 60 жасқа толса,

2022 жылдың 1 қаңтарынан 60,5 жасқа толса,

2023 жылдың 1 қаңтарынан 61 жасқа толса,

2024 жылдың 1 қаңтарынан 61,5 жасқа толса,

2025 жылдың 1 қаңтарынан 62 жасқа толса,

2026 жылдың 1 қаңтарынан 62,5 жасқа толса,

2027 жылдың 1 қаңтарынан 63 жасқа толса алуға құқылы

2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу арқылы ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде

55 жасқа толған ерлер

50 жасқа толған әйелдер (2016 жылдың 1 мамырынан)

Сондай-ақ, әйел адамдар:

2018 жылдың 1 қаңтарынан 50,5-ке толса,

2019 жылдың 1 қаңтарынан 51-ге толса,

2020 жылдың 1 қаңтарынан 51,5-ке толса,

2021 жылдың 1 қаңтарынан 52 жасқа толса,

2022 жылдың 1 қаңтарынан 52,5 жасқа толса,

2023 жылдың 1 қаңтарынан 53-ке толса,

2024 жылдың 1 қаңтарынан 53,5-ке толса,

2025 жылдың 1 қаңтарынан 54-ке толса,

2026 жылдың 1 қаңтарынан 54,5-ке толса,

2027 жылдың 1 қаңтарынан 55-ке толса бір реттік төлем алуға құқылы.

3) 3-топ мүгедектері, егер мүгедектігі өмір бойы болса

4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

5) Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

6) Салымшы қаза болған жағдайда БЗЖҚ-қа салымы бар, бірақ жасы толмаған азаматтардың отбасына немесе сол кісіні жерлеген азаматқа 52,4 АЕК есебінде бір реттік төлем беріледі.

«Бұл санатқа кірмейтін азаматтардың бір реттік төлемді алуы заңмен көрсетілмеген», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар