БЖЗҚ Ұлттық қормен бірігу туралы идеяға түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ АҚ басшылығы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық қормен бірігу туралы идеяға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қор өкілдерінің айтуынша, БЖЗҚ мамандары бұл модельді терең зерттемек.

«Мәселе жинақталған қаржыны, зейнетақы активтерін басқару моделі туралы болып отыр.  Кеше Ұлттық банк түсініктеме берді. Олар бұл идеяны жан-жақты зерделеу қажеттігін жеткізді.  Норвегиялық зейнетақы және сақтандыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарына тек банк өкілдері ғана емес Қор мамандары да жұмылдырылады», - деді БЖЗҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдерімен кездескен кезінде сенімділікті арттыру  үшін Ұлттық қор мен БЖЗҚ бірігуі ықтимал екендігін айтқан болатын.

«Сондықтан ары қарай зейнетақы қорымен не істеуге болады? Мәселен Норвегияның жақсы тәжірибесі бар - олар зейнетақы және ұлттық қорын біріктірді. Бір қор пайда болды, адамдар, бәрі үшін нық әрі сенімді қорға айналды. Бізде осы жолды таңдармыз. Бұл қаржыны үкімет бақылауынсыз қалдыруға болмайды. Қалай болғанда мемлекет зейнеткерлер алдында зейнетақы үшін жауапты», - деді Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар