БЖЗҚ тарап кеткен борышкер компаниялардан қарызды қалай қайтармақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ таратылған төрт компанияның 10 млрд теңге көлеміндегі қарызы қалай қайтарылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таратылған компаниялар бойынша Қазақстан заңнамасына сәйкес қарыз  есептен шығарылды. Яғни, 10 млрд теңге бойынша провизия жасалды. 4 компания таратылған болатын. Компаниялардың басшылары мен акционерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Азаматтық тәртіпте барлық заң шеңберіндегі шараларды жасадық. Нәтиже бермеді»,- деді қордың заң департаментінің бас маманы Ақмарал Мұхамедова.

2017 жылдың басында қорға 21 эмитент қарыз болды. Қарыздың жалпы сомасы 40,5 млрд теңге.

1 жыл ішінде БЖЗҚ жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «Атамекен-Агро» АҚ-ның 287,8 млн теңге көлемінде, ал «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС-ның 252,5 млн теңге көлеміндегі қарызын өтеу туралы сот үкімі шықты.

2017 жылдың 25 қазанында ҚР Ұлттық банкі Samarco Mineracao SA облигацияларын сатып жіберді. Сол себепті бұл кәсіпорын борышкерлердің қатарынан сызылды.

Сонымен қатар БЖЗҚ өз активтерін қайтаруда да қиындықтар туындап отыр.

«Казинвестбанк» АҚ - 6,4 млрд теңге, «Дельта банк» - 9,3 млрд теңге, «Бузгул аурум» - 5 млрд теңге қарыз. Ұлттық банк «Дельта банк» АҚ лицензиясын қайтарып алу туралы шешім шығарды.  «Казинвестбанк» АҚ тарату процесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ акционерлер бұл шешімге шағым түсірді. Түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. «Бузгул аурум» АҚ бойынша сот әлі жүріп жатыр», - деді  қордың Заң департаменті басшысы Назым Бақтыбаев.

«Қазір осы эмитенттерден қарызды өндіру бойынша  «Астана-Недвижимость» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «РОСА» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС-на қатысты тергеу ісі басталды», - деді БЖЗҚ АҚ басқарушы директоры Мәулен Өтеғұлов.

Соңғы жаңалықтар