БЖЗҚ сайттағы ақаудың себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері өзгертілгені туралы ақпарат тараған сәттен бастап Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорының ресми сайтындағы салымшының жеке кабинетіне кіру қиындағаны туралы шағымдар тарады. БЖЗҚ баспасөз қызметі ақау жойылып, қазір сайт мүлтіксіз жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордың қоғамман жұмыс қызметі ол ақауды жойды. Салымшылардың сайтқа бір уақытта жаппай кіруінен кедергілер пайда болған. Сондықтан мамандарымыз сайттың техникалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ол ақауды жойды. Қазір сайтқа кіру, салымшының жеке кабинетіне өту қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп түсіндірді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Еске салсақ, біраңғай зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері 2022 жылдан бастап 1,8 есе артатын болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оның себебін келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақының 41 пайыз өскенімен байланыстырып отыр.


Соңғы жаңалықтар