БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 332 млрд теңгеге жетті
«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтері 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түсті. Жыл басынан бергі өсім - 4%.
«Зейнетақы активтерін әртүрлі валютадағы сенімді қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық табысты қамтамасыз етіп, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеру тәуекелдерінен қорғайды. Зейнетақы актив і құрылымының 33,7%-дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Оның басым бөлігі - АҚШ долларында» делінген хабарламада.
2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңінде - 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бірінші жартысында салымшылардың шотына аударылған инвестициялық кіріс 192,45 млрд теңгені құрады (өткен жылдың осы кезеңінде - 54,74 млрд теңге).